Диабеттің белгілері жасырын болуы мүмкін
Жағдайды бақылап отыру үшін 2-типті қант диабетіне шалдығу қатерін анықтайтын тесттен өт.
Тесттен өтуДиабет деген не?
Диабет
деген не?
Қант диабеті — ұйқы безі инсулинді жеткілікті мөлшерде өндірмеген кезде немесе ағза өзі өндіретін инсулинді тиімді түрде қолдана алмаған кезде пайда болатын созылмалы ауру.
Ал инсулин
дегеніміз не өзі?
Инсулин — тағамдағы глюкозаға (қантқа) қаннан ағзамыздың жасушаларына енуге көмектесетін гормон. Осылайша ол біздің толыққанды өмір сүруімізге қажет энергияға айналады.
Қант диабетіне шалдыққан кезде инсулин жеткіліксіз немесе ағза оны дұрыс пайдалана алмайды. Сондықтан қант диабеті кезінде глюкоза жасушаларға енбей, қан құрамында қалып, денеміздің түрлі бөліктеріне, әсіресе жүйке жүйесіне және қан тамырларына зиян келтіреді.
45% адам өзінің қант диабетіне шалдыққанын білмейді
Өз жағдайыңызды біліп алыңыз. Бір минут уақытыңызды бөліп, 2-типті қант диабетіне шалдығу қатерін бағалау үшін 8 сұраққа жауап беріңіз.
Тесттен өту
Бұл диабет
белгісі немесе…?
2-типті қант диабетіне (ҚД2) шалдығу
факторлары екі түрге бөлінеді:
-
Байқамай қалуға, бірақ бақылауға алуға болатын белгілер
Олар кенеттен пайда болып, қалыпты ыңғайсыздық сияқты көрінуі мүмкін. Олар аса байқала бастаған сәтке дейін көп жыл өтуі де мүмкін:
-
«Қатты шөлдеп тұрмын!»
Егер сіз қалыпты мөлшерден артық сұйықтық ішіп (1 кг салмаққа 20 мл), шөліңізді қандыра алмасаңыз, бұл қант диабеті кезіндегі шөлдеу болуы мүмкін.
-
«Ұйықтар алдында көп су ішіп қойдым»
Егер сіз кіші дәретке жиі барсаңыз, түнде бірнеше рет оянатын болсаңыз, бұл қант диабеті кезіндегі жиі зәр шығару болуы мүмкін және сіздің бүйректеріңіз қандағы артық қантты шығаруға тырысып жатыр деген сөз.
-
«Жұмыс шаршатты»
Тіпті жақсы ұйықтап, кофе ішсеңіз де қайта ұйқыға тартып тұрса, бұл диабет кезіндегі қатты шаршау болуы мүмкін.
-
«Денемді қолға ала алмай жүрмін»
Физикалық белсенділік пен түрлі диеталар көмектеспесе, бәлкім бұл — диабет кезіндегі лезде салмақ қосу.
-
-
Біз әсер ете алмайтын
факторлар:-
45 жастан асу;
-
Генетика — егер ата-анаңыз қант диабетіне шалдыққан болса;
-
Диабетке шалдығу қатері – егер бұған дейін дәрігерлер қандағы қант деңгейі жоғары деген болса;
-
Жүктілік – егер екіқабат кезде диабет болса немесе баланың салмағы 4 кг-нан артық болса;
-
Поликистозды аналық без синдромы;
-
Жүрек-қан тамырларының ауруы.
-
1-типті қант диабетіне (ҚД1) шалдығу қатері
1-типті қант диабетіне шалдығудың нақты себебі әлі белгісіз, бірақ белгілі бір өзара байланыстық бар. Отбасыңыздағы аурулар тарихы шалдығу қатерін арттыруы мүмкін, өйткені 1-типті қант диабетімен байланысты бірқатар ген бар.
Сонымен қатар, ғалымдар қоршаған орта, тамақтану әдеттері және өмір салты да ҚД1-ге шалдығуға әсер етеді деп санайды.
Қан диабетіне шалдыққан кезде қайда жүгіну керек?
Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан адамдарға медициналық сақтандыру деңгейіне қарамастан барлық қажетті медициналық көмекті, соның ішінде дәрі-дәрмектерді, глюкометрлерді және қандағы қант мөлшерін анықтайтын тест-жолақтарын тегін алады. 1-типті қант диабетіне шалдыққан балалар үшін помпалық терапия қарастырылған — жеке тасымалданатын мөлшерлегіштің (помпа) көмегімен инсулинді үздіксіз инфузия арқылы беріп тұратын инсулин терапиясының бір әдісі.
Бекітілген медициналық ұйымға барып,
тексеруден өтіп, есепке тұруға болады.
2-типті қант диабетіне шалдығу
қатерінің алдын алу үшін не істеу керек?
2-типті қант диабетінің дамуын болдырмауға болады, егер:
- Оңтайлы дене салмағын ұстап отыру керек;
- Дұрыс тамақтанып, көмірсулар мен қаныққан майларды тұтынуды азайту керек;
- Физикалық тұрғыдан белсенді болу керек (күнделікті жаттығулар қант диабетіне шалдығу қатерін азайтады);
- Стресстен аулақ болып, күнделікті режимді сақтау керек;
- Темекі шегуден бас тарту.
2-типті қант диабеті және диабет қатері бар адамдар
үшін жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі
жоғары.
Сондықтан холестерин деңгейі мен қан қысымы
көрсеткіштерін бақылап отырған жөн.
Темекі шегуден бас тарту да өте маңызды.
Жоба туралы
«Ново Нордиск Казахстан» ЖШС-ның қант диабеті туралы әлеуметтік-ағартушылық жобасы денсаулықты нығайту және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2024 жылы дайындалған.
Компания туралы қосымша ақпаратты https://www.novonordisk.kz сайтынан біле аласыздар
Қандай да бір сұрағыңыз болса, мына поштаға жазуға болады: eaeu-safety@novonordisk.com.
- International Diabetes Federation. IDF Atlas 10th Edition, 2021. Available from: https://diabetesatlas.org/idfawp/ resource-files/2021/07/IDF_Atlas_10th_Edition_2021.pdf. Last accessed: May 2022.
- Valaiyapathi B, Gower B, Ashraf AP. Pathophysiology of Type 2 Diabetes in Children and Adolescents. Curr Diabetes Rev 2020; 16:220–229.
- Almdal T, Scharling H, Jensen JS, et al. The independent effect of type 2 diabetes mellitus on ischemic heart disease, stroke, and death: a population-based study of 13,000 men and women with 20 years of follow-up. Arch Intern Med 2004; 164:1422–1426.
- Fox CS, Coady S, Sorlie PD, et al. Trends in cardiovascular complications of diabetes. JAMA 2004; 292:2495–2499.
- Ewald N, Hardt PD. Diagnosis and treatment of diabetes mellitus in chronic pancreatitis. World J Gastroenterol 2013; 19:7276–7281.
- WHO. Diabetes. Available from: https://www.who.int/ news-room/fact-sheets/detail/diabetes. Last accessed: May 2022.
- Diabetes.co.uk. Visceral Fat (Active Fat). Available from: https://www.diabetes.co.uk/body/visceral-fat.html. Last accessed: May 2022.
- NIDDK. Risk Factors for Type 2 Diabetes. Available from: https://www.niddk.nih.gov/health-information/ diabetes/overview/risk- factors-type-2-diabetes. Last accessed: May 2022.
- Mosenzon O, et al. CAPTURE: a multinational,cross- sectional study of cardiovascular disease prevalence in adults with type 2 diabetes across 13 countries. Cardiovasc Diabetol. 2021; 20:154.
- Heart UK. Omega-3 fats. Available from: heartuk.org.uk /low-cholesterol-foods/omega-3-fats. Last accessed: May 2022
- Diabetes UK. Diabetes and exercise. Available from: https://www.diabetes.org.uk/guide-to-diabetes/ managing-your- diabetes/exercise. Last accessed: May 2022.
- Pancreatic Cancer Action. Type 3C diabetes (secondary diabetes). Available from: https://pancreaticcanceraction .org/help-and- support/living-with-pancreatic-cancer/ type-3c-diabetes/. Last accessed: May 2022.
- Diabetes.co.uk. Diabetes LADA. Available from: https://www.diabetes.co.uk/diabetes_lada.html. Last accessed: May 2022.